Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфирде бөксесімен жұлқына билеген қазақ қызы жаға ұстатты

Опубликовано:

Отандық телеарнадағы бағдарлама барысында бөксесімен жұлқына билеген қазақ қызы ел алдында ұятқа қалды. Көпшілік тікелей эфир кезінде жат қылық танытқан бойжеткенді жерден алып, жерге салып жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Getty Images

Бағдарламада заманауи "тверк" биін көрсеткен қыздың видеосы Instagram желісіндегі парақшаларға тарап кеткен. Бейнежазбада ұзын көйлек киіп алған ару еш жасқанбастан студия қонақтарының көзінше бөксесімен жұлқына билегенін көруге болады.

Артынан бұл ерсі әрекеті үшін ол бағдарлама қатысушыларынан оңбай сөз естіп, сынға ұшырады.

Жат қылығын паш еткен бойжеткенге желі қолданушылары да шүйлігіп шықты. Олар өз наразылығын ашық білдіріп, қызды аяусыз сөгіп тастады.

"Әлем есінен адамқан болу керек. Мынау не қылық енді?" , "Ұят айтарға сөзім жоқ" , "Осындай қыздардан кейін қазақ қыздарына қатысты пікір бұзылады" , "Арсыздарды бағдарлама төріне неге шығарады? Түсінбеймін" , "Масқара, енді қалмағаны осы еді. Тағалмайтын заманға жеттік" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808891-tikelej-efirde-bksesimen-zlkyna-bilegen-kazak-kyzy-zaga-statty/

pixel