Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізге тең келетіндер жоқ": Жаңа клип ұсынған Ninety one көпшілікті шулатты

Опубликовано:

Тыңдармандарына "Мен емес" деп аталатын жаңа бейнабаян ұсынған Ninety one тобы көпшілікті тағы да шулатты. Топ жанкүйерлері әнші жігіттердің "бізге тең келетіндер жоқ" деп айтуын "өзге отандық өнерпаздарды сыйламау" деп бағалады. Олар Ninety one тобының жігіттерін қарапайым болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видео Youtube желісіндегі NINETY ONE тобында жарияланды.

Әнші жігіттердің жаңа туындысы 2019 жылдың 1 тамызында тыңдармандарға жол тартты.

Кадрдан "Алаш арыстарының суретін", "Күлтегін ескерткішін", "Қыран бүркітті", "Құмай тазыны", "Орхон Енисей жазуларын", "Шаңырақ, уық, керегені", "Киіз үйдің жабдықтарын", "Ханның тағын", "Түлкі терісін", "Найза мен қалқанды" байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді.

Бірінші тарап клиптің сәтті шыққанын және сапалы екенін алға тартты.

"Көп күттірген бейнебаян", "Сырға тағып, бүркіт ұстаған жігіттерді бірінші рет көрдім", "Сәтті шыққан туынды", "Сапаға жұмыс істейтіндерін тағы бір мәрте дәлелдеді", "Ән де бейнебаян да тамаша", "Үлкен еңбекпен келген клип екендігі көрініп тұр", "Жарайсыңдар жігіттер" деді олар.

Ал екінші жақ жаңа бейнебаянды сынап өтті.

Олар "Бізге тең келетіндер жоқ" деп айтудың орынсыз екенін жеткізіп, әнші жігіттерді қарапайым болуға шақырды.

Арасында "бейнебаянды хайп жасау үшін түсірген" деген пікірлер де кездесті.

Айта кетейік, Ninety one тобының жаңа бейнабаяны бір күннің ішінде 240 мыңға жуық қаралым жинады.

Тыңдармандардың 42 мыңға жуығы клип "ұнады" деген батырманы басса, 600-ге жуығы жаңа туындыны ұната қоймаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808897-bizge-te-keletinder-zok-zaa-klip-syngan-ninety-kpsilikti-sulatty/

pixel