RU
Көлгінов өз қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Көлгінов өз қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан әкімі өз қоластындағы қызметкерлердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Алтай Көлгінов оларды халықпен жұмыс барысында сырғытпа жауап беріп, жауапкершілікті бір-біріне арта салатыны үшін сынға алды деп хабарлайды елордалық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгінов Фото: uralskweek.kz

Алтай Көлгінов Фото: uralskweek.kz

Елорда басшысы бейсенбі күні қала тұрғындарын қабылдады. Жергілікті халық дәрі-дәрмек алу, білім саласы, балабақшаға жолдама, жұмысқа орналасу мен жеке ісін дамыту мәселелері бойынша жүгінген.

Нұр-Сұлтан басшысының қабылдауы кезінде аудан әкімдері, басқарма жетекшілері мен олардың орынбасарлары маңызды ақпаратты халыққа жеткізбей жататыны белгілі болды. Олар атқарылып жатқан жұмыс пен көмек көрсету шаралары жөнінде түсіндіріп айтпайтын болып шықты.

Көлгінов әріптестеріне халықпен нақты кері байланыс орнату керектігін жеткізді.

"Жұмысқа деген қарым-қатынастарыңды өзгертіңдер. Біз халықпен бірге болуымыз қажет. Адамдарға дұрыстап түсіндіріп, оларды мұқият тыңдай білу керек. Бізге мәселесін шешуге мұқтаж адамдар келеді. Жай ғана жауап жазумен айналысуды қойыңдар. Жұмыс істеу тәсілдеріңді өзгертіңдер. Бұл біздің азаматтар. Жауапкершілікті бір-біріне сілтей салумен айналыспаңдар. Бір-бірімізге хабарлап жұмыс істеу керекпіз" , - деді елорда әкімі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан басшысы бір ай ішінде 200-ден астам адамды қабылдап үлгергенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel