Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші үлкен жол апатын жасады

Опубликовано:

Алматыда Райымбек пен Байзақов көшелерінің қиылысында бірден төрт көлік жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасына тап болғандардың үшеуі ауруханаға жеткізілген деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Куәгерлердің айтуынша, барлық көліктер бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған. Бұл уақытта Райымбек көшесінің бойымен үлкен жылдамдықта Mitsubishi Carisma көлігі келе жатыпты.

Алайда, белгісіз себептер бойынша жүргізуші тоқтаудың орнына Galant көлігіне барып соқтығысқан. Ол өз кезегінде алдында тұрған Lexus-ты зақымдады.

Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: Depositphotos

Lexus өз алдындағы Toyota Land Cruiser Prado көлігіне соғылған. Бірнеше көліктің соқтығысуы салдарынан үш адам зардап шегіп, олар ауруханаға жеткізілді.

Полиция жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі мас күйде болғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: Sputnik / Стрингер
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808921-almatyda-mas-kjinde-klik-tizgindegen-zrgizusi-lken-zol-apatyn-zasady/

pixel