Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританияда жас жігіт ел тарихындағы ең қысқа мерзімеге түрмеге тоғытылды

Опубликовано:

Ұлыбританияда ер азамат ел тарихындағы ең қысқа мерзімге сотталды. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk: Depositphotos

Солтүстік Сомерсеттегі Портисхед қаласында сот 23 жастағы Шейн Дженкинс есімді азаматты 50 минутқа қамауға алу туралы үкім шығарған.

Сондай-ақ, сот жас жігітті 80 сағаттық түзету жұмыстары мен оңалту жазасына кесіп, есірткі қолдануға тыйым салған.

Оқиға 30 мамырда болған. Сол күні жас жігіт ішімдік, кокаин және марихуана қолданып, бұрынғы қызының терезесін сыпырғымен сындырған.

Екі полиция қызметкеріне шабуыл жасаған, сөйтіп қылмыс орнынан қашып кеткен.

Дженкинс өзінің кінәсін толық мойындап, сот отырысында бұрынғы сүйіктісі мен офицерлерден келтірген зияны үшін кешірім сұраған.

Өзінің ессіз әрекет жасауына ішімдік пен есірткінің себеп болғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808923-lybritaniada-zas-zigitti-50-minutka-trmege-togytyldy/

pixel