RU

Алаңға жүгіріп шыққан шымкенттік жанкүйер тәртіп сақшыларын әбігерге салды

Еуропа Лигасы екінші раундының жауапты ойынында шымкенттік жанкүйер алаңға жүгіріп шығып, полиция қызметкерлерін әбігерге түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Келеңсіз жағдай Шымкент қаласының орталық стадионында "Ордабасы" мен "Млада-Болеслав" арасындағы ойын кезінде орын алды.

Кадрдан алаңның бір басынан екінші басына жүгіріп өткен жігітті тәртіп сақшыларының қолға түсіргенін, полиция қызметкерлеріне жанкүйерлердің қоқыс пен су құтысын лақтырғанын байқауға болады.

Аталған оқиғаны қалалық полиция департаменті де растады.

Ведомство Еуропа Лигасы аясындағы матч кезінде тәртіпсіздікті болдырмауды жіті қадалағандарын жеткізді.

Айта кетейік, "Ордабасы" мен чехиялық клуб арасындағы маңызды ойында шымкенттік клуб қонақтарға 2:3 есебімен жол берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808924-alaga-zgirip-sykkan-symkenttik-zankjer-trtip-saksylaryn-bigerge-saldy.html