RU
Таиландтың маңызды жерлерінде бірнеше рет жарылыс болды

Таиландтың маңызды жерлерінде бірнеше рет жарылыс болды

Рассказать Вконтакте

Бангкоктың орталық аудандарында жеті бірдей жарылыс болып, нәтижесінде екі адам жарақат алған. Сонымен қатар, қуаты төмен үш жарылыс болған деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Жарылыстар үкіметтің негізгі ғимараттарының, бірнеше банк кеңселерінің, елшіліктердің, қонақ үйлер мен сауда орындарының маңында болған.

Полиция саперлері күдік тудыратын қолдан жасалған екі жарылғыш зат тауып алған. Тәртіп сақшылары қала қонақтары мен тұрғындарына сақтық шараларын жасап, әрбір күдік тудыратын зат туралы хабар беруін сұрады.

Таиландтың премьер-министрі Прают Чан-Оча қылмыскерлерді тез арада табуға уәде берді.

"Мен тиісті қызметкерлерге азаматтардың қауіпсіздігін тез арада күшейтуді, зардап шеккендердің мүдделерін қорғауды және қылмыскерлерді тездетіп табуды бұйырдым", - деді премьер-министр Twitter парақшасында.

Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel