RU
"Жаныма батты": Депутат әйел зорлаған жолсеріктерге қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

"Жаныма батты": Депутат әйел зорлаған жолсеріктерге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұрынғы орынбасары Нұржан Әлтаев қазақстандық пойыздардағы жолаушылар қауіпсіздігі жөнінде пікір білдірді. Мәжілісмен бұл тақырыпты жолсеріктердің ақтөбелік бойжеткенді зорлау оқиғасы аясында қозғаған. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұржан Әлтаев. Фото: Facebook жеке парақшасы Сотталғандар. Фото: "Костанайские новости"/ Сергей Миронов

Нұржан Әлтаев. Фото: Facebook жеке парақшасы Сотталғандар. Фото: "Костанайские новости"/ Сергей Миронов

Мәжіліс депутатының сөзінше, соңғы кезде қазақстандықтар Қостанайда судья Сатыбалды Оразбай тағайындаған "зорлықшыларға тағылған тым жеңіл жазаны" қызу талқылап жатыр.

"Бұл оқиға барша қазақстандықтармен қоса, менің де жаныма батты. Егер адамдардың кінәсі дәлелденсе, оларға тағылған жаза да орынды болу керек екені сөзсіз. Себебі, бұл жерде қазақстандық арудың, біздің қарындасымыздың намысы тапталып тұр" , - деп жазды Әлтаев.

Саясаткердің айтуынша, мұндай жағдай бірқатар проблемаларды айқын көрсетіп тұр.

Біріншіден, қазақстандық пойыздарда полицейлер мен теміржол қызметкерлері жауапты жолаушылар қауіпсіздігі қажетті деңгейде қамтамасыз етілмейді.

"Элиталық деп саналатын "Тальгода" қажетті қауіпсіздік қамтамасыз етілмесе, басқа пойыздарда жағдай бұданда нашар деген тұжырым жасауға болады" , - деді депутат.

Екіншіден, ол "зорлықшыларға қатысты заңнамалық нормалар тым жұмсақ әрі орынсыз" екенін ескертіп өтті.

Үшіншіден, мәжілісмен "зорлықшылар басқа адамдарға қатысты зорлық әрекеттерін қоғамдық көліктерде жасаудан қорықпаса, әлеумет үлкен қауіп үстінде болмақ" деген ойын айтты.

Бұл жағдайды өзгерту үшін депутат мына әрекеттерді іске асыру керек екенін айтты.

1) қоғамдық көліктердегі жолаушылар қауіпсіздігіне қатысты талаптарды барынша күшейту керек. Ол үшін:

- жолаушылар мен жолсеріктер тарапынан жолаушыларға зорлық әрекеттер жасалған жағдайда көліктік компанияларға ауқымды айыппұл мен өтемақы енгізу керек.

"Бұл көліктік компанияларды тәртіпке үйретіп, оларды кадр таңдауға асқан жауапкершілікпен келуге және жолаушылар қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге жетеле"тін болады" , - деді саясаткер.

- орташа және алыс жолға шығатын пойыздардағы вагондарды гендерлік белгілер бойынша бөлу тәжірибесін енгізу қажет.

- әрбір купеде пойыздардағы тәртіпті қадағалайтын көліктік полиция қызметкерлеріне белгі беретін "төтенше батырманы" орнату керек.

2) Зорлықшыларға қатысты заңнамалық нормалардағы жазаны қатаңдату бөлімі бойынша қарастырып шығу керек.

"Заңнамаға ұсыныстарды дайындап жатырмын. Бұл жұмыс аяқталған соң, өзгерістерді фракцияға ұсынамын. Қоғамдық бөлімдер мен жауапты мемлекеттік органдарды бұл бастамаға қолдау білдірулеріңізді сұраймын" , - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 26 қыкүйегінде жолаушыны зорлаған "Тальго" пойызының жолсерітерін сот 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Аталған факті қазақстандықтардың ашуын шақырды.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel