RU
Алматыда көптен күткен жаңбыр жауды (видео)

Алматыда көптен күткен жаңбыр жауды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда ауа райы құбылмалы болып тұр. Таңертеңнен түске дейін күн әдеттегідей ыстық болса, түсте оңтүстік астана аспанын бұлт торлап, соңы жаңбырға ұласты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгінгі Алматы аспаны. Фото: NUR.KZ

Бүгінгі Алматы аспаны. Фото: NUR.KZ

Айта кетейік, мегаполис тұрғындары бірнеше аптадан бері таң атысымен басталатын аптап ыстыққа шыдай алмай, шағымданып жүрген болатын.

Алайда бүгін түс уақытында ауа райы бірден өзгеріп, көптен күткен жауын да жауды.

Алматылықтар алдағы күндері шілде бойы жалғасқан аптап ыстықтың беті қайтып, салқын түседі деп үміттенеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін тамыздың алғашқы үш күнінде ауа райы тұрақсыз болатынын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel