RU
Әйел адам сүйіктісі дәл той күні тастап кеткен інісіне қалыңдық болды (фото)

Әйел адам сүйіктісі дәл той күні тастап кеткен інісіне қалыңдық болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Камбоджаның Пномпеня қаласының тұрғыны сүйіктісіне сөзі салып, аста-төк той өткізбек болады. Алайда ер адамның ғашығы оны дәл той күні тастап кеткен. Інісінің көңілін ауламақ болған әпкесі қалыңдықтың рөлін өз мойнына алған деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 120.su

Фото: 120.su

Қалыңдық той күні мүгедек жанның жары болғысы келмейтінін түсініп, тұрмысқа шығудан бас тартқан.

Маңызды күні осындай қиын сәтте қалған інісінің қасынан әпкесі София Лен табыла білген.

Ол не болса да інісі үшін қалыңдықтың орнында отырып, естен кетпес мерекені жалғастырмақ болды.

Әйел адамның сөзінше, ол інісінің қалыңдығына ашуланбайды. Ол тек мұндай маңызды шешімді келіншек той күнінен бұрын айтуы керек еді деген ойда екен.

София Лен өзінің игі ісінен кейін інісінің көңілі көтеріліп қалғанын алға тартты. Ол бауырының әлі өз сүйіктісін жолықтыратынына сенімді екен.

Сіздің реакцияңыз
7
2
0
13
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel