RU
"Шошаңдай бересің": Нұрлан Еспанов өзіне сын айтатын көпшілікке жауап берді

"Шошаңдай бересің": Нұрлан Еспанов өзіне сын айтатын көпшілікке жауап қайтарды

Рассказать Вконтакте

Әнші Нұрлан Еспанов "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында өзіне қатысты көпшілік арасында тарап кеткен қауесетке жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай әншіден: "Нұрлан Еспановтың ләззатты қыздардан алады деген сөз бар. Сол сұраққа не деп жауап бересіз", - деп сауал қойған.

Ал әнші бұл сөздердің жалған екенін жеткізді.

"Жоқ ол өтірік. Келіспеймін. Айтқан адамды маған әкелу керек. Сонымен отырып сөйлесуім керек", - деді Еспанов.

Сондай-ақ өнер иесі өзіне "Неге шошаңдай бересің?" деген сұрақтың да жиі қойылатынын айтты.

"Негізі менің мұңайғаным кімге керек? Өмірде көңілді адаммын. Жұртқа күлкі сыйлап, халықтың көңілін көтеріп жүргенді жақсы көремін. Менің де мұңаятын сәттерім көп. Оны түсіне бермейтін адамдар көп. "Нұреке, шошаңдай бермеші", "Сенің шошаңдағаныңды түсінбей жатқан адамдар көп" деген пікірлер келіп жатады. Мүмкін айтқан азаматтың өзі солай ойлайды-ау", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel