Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"001 QR 01": Назарбаев қандай көлікпен жүреді? (фото)

Опубликовано:

Желіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай көлік мінетіні жайлы ақпарат пайда болды. Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Назарбаев мінетін көлік нөмірі бейнелеген суретті Instagram желісінде жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы уақытта желіде бұрын-соңды жарияланбаған, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке архивінен алынған суреттер көпшілік назарына ұсынылмақ.

Ал парақшада жарияланған кезекті суреттен онда тұңғыш президент көлігінің мемлекеттік нөмірі 001 QR 01 екенін байқауға болады.

Айта кетейік, бұған дейін де Елбасының 01 KZ нөмірлі көлікпен жүрген.

Ал Тұңғыш президенттің 2005 жылы шығарылған "Mercedes Benz S600L" тұңғыш қызметтік көлігі Теміртауда экспонат ретінде қойылған. Назарбаев жұмыс сапары кезінде сол көлікпен қатынған.

Көлікте сондай-ақ мемлекет басшыларына қажет барлық қорғау құралдары бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болса, 001 KZ 01 мемлекеттік нөмірі бар көлікпен жүреді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808985-nazarbaev-minetin-klikti-nmeri-kandaj-foto/

pixel