RU
Нұрлан Еспанов мәдениет министрі болғысы келетінін ашып айтты

Нұрлан Еспанов мәдениет министрі болғысы келетінін ашып айтты

Рассказать Вконтакте

Елімізге танымал сазгер, әнші Нұрлан Еспанов егер мемлекеттік қызметке тағайындалу мүмкіндігі болса, мәдениет министрі болғысы келетінін жасырмай айтып берді. Өнер иесі мәдениет саласында қандай дүниелерге көңілі толмайтынын жеткізді деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бағдарламаның жүргізушісі әншіден: "Сізге үкіметтің жұмысын ұсынамыз. Бірақ өнерден бас тартасың" десе, не істейсіз?", - деп сұрады.

Ал әнші арманы орындалса, өнер саласында жүрген жастарға көбірек көңіл бөлетінін жеткізді.

"Мен мәдениет министрі болатын едім. Менде өзіндік ой бар. Қазақты 50 дамыған мемлекеттің қатарына жақындатар едім. Қазір біз жастарға жұмыс істеуіміз керек. Дүниежүзіндегі жастарға біз өзімізді насихаттауымыз керек. Өсе келе олар қазақты таныса, біздің өз орнымыз болады.
Мысалы біз филологтар мен домбырашыларды жыл сайын оқытамыз. Оны жыл сайын оқытпай, арасына бес жыл салуымыз керек.
Мұғалім деген мектептен өлмей кетпейді ғой. Оркестрда жүрген домбырашылар да өлмей кетпейді.
Қалған домбырашылар мен филологтарды не істейміз? Қазір жұмыс жоқ. Олар тек домбыраның бағытында ғой. Сондықтан кішкене ойланып, оқыту керек", - дейді әнші.

Сондай-ақ сазгер жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілетін мәдениет үйлерін сынға алған.

"Бізде мәдениет үйін жыл сайын жөндеуден өткіземіз. Жаз басталды ма, жөндеу жұмыстары да басталады. Негізі мәдениет үйін жөндемеу керек, мәдениеттің адамын жөндеу керек.
Ауылға барып едім, мәдениет саласындағы әншілердің бәрі сандалып жүр. Оны үш ай демалысқа жібермей, домбырасын, көйлегін алып бер. Мәдениеттің адамына жөндеу жүргізсең, мәдениет көтерілер ме еді?!", - дейді Нұрлан Еспанов.

Сіздің реакцияңыз
16
7
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel