RU
Алматы облысында адам зорлады деген күдікке ілінген ер азаматқа іздеу салынды

Алматы облысында адам зорлады деген күдікке ілінген ер азаматқа іздеу салынды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Іле ауданында адам зорлады деген күдікке ілінген ер адамды полиция іздестіруде деп хабаралайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "НеМолчиKz"

Фото: "НеМолчиKz"

Қылмыскердің іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат Facebook-тегі "НеМолчиKz" парақшасында жарияланды.

Жазбаға сәйкес, күдіктінің тұрғылықты мекенжайы мен құжаттары жоқ.

Оның қылмысты Алматы облысы Іле ауданында жасағаны хабарланды.

Өңірлік полиция департаментінде іздестірліп жатқан ер адамның 1990 жылғы Өзбекстан азаматы екені айтылды. Оның есімі Саламат Сексенов.

"Бұл адам Іле ауданының 28 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде.
Оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалған. Айта кетейік, қылмыс 2018 жылдың мамыр айында жасалды.
Бағыттама Қазақстанның және көрші елдердің барлық полиция бөлімшелеріне жіберілді", - деп хабардар етті Алматы облысының Полиция департаментінен.

Полиция іздеу салынған адамға қатысты қандай да бір ақпаратқа ие тұлғаларға мына нөмірлер арқылы хабарласуын сұрайды: +7 705 151 00 00, + 7 702 407 76 05 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel