RU
Келушімен жанжалдасып қалған ақтаулық белгілі балалар хирургы ақталып шықты

Келушімен жанжалдасып қалған ақтаулық белгілі балалар хирургы ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау обылысы денсаулық сақтау басқармасы ақтаулық белгілі балалар хирургы Насухан Отарғазиевке бұрын аурухананың келушісімен болған жанжал үшін шығарылған үкімнің өз күшін жойғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: deskgram.net/horkabusai, бақылау камерасынан алынған видеодан үзінді

Фото: deskgram.net/horkabusai, бақылау камерасынан алынған видеодан үзінді

Апелляциялық сот бүгін өтті. Бірнеше сағат бұрын үкім жарияланды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, дәрігер ақталып шыққан.

әрігер тарапынан құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ол ақталды", - делінген Facebook. хабарламасында.

"Лада" аймақтық басылымының мәліметінше, сотқа қаланың басқа медициналық мекемелерінен Насухан Отарғазиевтың әріптестері келген. Сондай-ақ, оған республиканың барлық дәрігерлері де қолдау білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, 19 шілде күні танымал балалар хирургі аурухананың келушісімен жанжалдасып, салдарынан изоляторға тоғытылған.

Ол бір тәулік бойы камерада отырған. Сондай-ақ хирург бес ай мерзімге есепке қойылған.

Кейінірек денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, берілген жазаны әділетсіз деп атаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel