RU
Алматыда ұры ұялы телефон үшін жас жігітті өлтіріп кетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұры ұялы телефон үшін жас жігітті өлтіріп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда үсті көрпемен жабылған дене бейнеленген видео әлеуметтік желіде пайда болды. Жігіттің жүрегінен пышақ жарақатын алып, қайтыс болғаны айтылуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бейнежазба ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Я очевидец Алматы" тобында жарияланды.

Видео астындағы жазбаға сәйкес, оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған. Роликтің кадрларынан полиция және жедел жәрдем қызметкерлерін көруге болады. Сонымен қатар, жансыз дененің жанында жылап отырған әйел адам байқалады.

Алматы полициясы департаментінің хабарлауынша, жас жігіттің өліміне ағасын тонамақ болған бейтаныс біреу себеп болған.

"Аносов көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғыны, 1966 жылы туған ер адам күндіз көшеде жүрген. Оған белгісіз біреу келіп, ұялы телефонын тартып алуға тырысқан. Сол кезде жергілікті тұрғын өзінің жиенін көмекке шақырыпты.
Жас жігіт пен бейтаныс адамның арасында төбелес болып, нәтижесінде үй иесінің інісі пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. 102 пультіне болған жайт туралы дабыл түскеннен кейін бірден қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Іргелес жатқан жеке сектор бүге-шүгесіне дейін тексерілді. Күдікті бір үйдің моншасының шатырынан табылды.
Ол полицияға берілуді, тіпті, ойламағанын айта кету керек. Сол пышақ әлі оның қолында тұрды. Ол біздің жедел уәкілдерімізден қашып құтылмақ болды. Алайда сәтсіз. Бір секундтан кейін ер адам залалсыздандырылды", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Таңат Назанов.

Ұсталған күдікті бұған дейін бөтен мүлікті ұрлағаны үшін екі рет сотты болған Талдықорған қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол мас күйінде болған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған. Айғақ зат алынып, ҚР ҚК 99-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына қоса тігілді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel