RU
Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балақай туған күніне екі апта қалғанда көз жұмған

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен балақай туған күніне екі апта қалғанда көз жұмған

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыстан зардап шегіп, 2 тамыз күні Нұр-Сұлтандағы №2 балалар ауруханасында көз жұмған баланың екі аптадан кейін 8 жасқа толу керек болғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

7 жасар бала комада бір айдан астам уақыт жатқан. Өкінішке орай, оны құтқару мүмкін болмады.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, 22 тамыз күні 2011 жылы туған балақай 8 жасқа толатын еді.

Жергілікті атқарушы билік өкілі көз жұмған баланың туған-туыстарына көңіл айтты. Ол оның отбасына барлық қолдау мен көмек көрсетілетінін атап өтті.

Баланың денесі астанадан Арыс қаласына жеткізіледі.

Сондай-ақ Қалқаманов қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанға жеткізілген екінші баланың жағдайын медицина қызметкерлері қанағаттанарлық деп бағалап отырғанын хабарлады.

"Екінші баланың жағдайы жақсы, ол қазір Арыс қаласында дәрігерлердің бақылауында. Ол жарақатын жеңді", - деп атап өтті кеңесші.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Арыс қаласында әскери қоймадап жарылыс болып, екі адам қаза тапты.

Қала толығымен эвакуацяланып, 4 күннен кейін тұрғындар өз үйлеріне орала бастады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
12
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel