RU

Сағынтаев Алматыдағы шағын ауданды абаттанандыру туралы айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының Шұғыла шағын ауданын газдандыру және абаттандыру мәселесін қалай шешкенін Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қала басшысы оңтүстік астананың әкімі ретінде алғашқы жұмыс сапары кезінде ол Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездескенін атап өтті. Сол кезде жұрт жаңа әкімге Шұғыла шағын ауданының аулаларында газ, жарық және абаттандырудың жоқтығына шағымданды.

"Менің орынбасарым Әзірбаевқа және аудан әкімі С. Тоғайға 1 тамызға дейін қараусыз қалған үйлерді газдандыруды, аулаларды жарықтандыру мен абаттандыруды тапсырдым", - деп жазды Сағынтаев.

Бір айдан кейін әкім осы шағын ауданның тұрғындарымен кездесіп, оның тапсырмаларын қалай орындағанын тексерді. Оның айтуынша, жүктелген міндеттер атқарылып, 14 үйде газ пайда болды.

"Жалпы аулалар абаттандырылып, жарықтандырылды, спорт алаңдары орнатылды. Балалар көп. Жүгіріп, ойнап жүр. Алға қойылған міндеттер шешілді", - деп жазды көргенін әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809041-sagyntaev-almatydagy-sagyn-audandy-abattanandyru-turaly-ajtty.html