RU

ШҚО-да екі жас босанған әйел бір айда көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында бір ай ішінде екі жас босанған әйел адам көз жұмды деп хабарлайды Устинка LIFE-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жергілікті басылымның мәліметінше, екі өлім ағымдағы жылдың қаңтарында болған. Әйелдердің бірі Тарбағатай ауданында, екіншісі Өскеменде қайтыс болды.

Дәрігерлер жас босанған әйелдердің өлімінің себебін айтпай отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарланғандай, қазіргі уақытта олардың тарапынан осындай жағдайлардың қайталанбауы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Осылайша, қызметкерлерді оқыту жүргізіліп, перзентханалар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталады.

2018 жылы облыс бойынша жас босанған 3 әйел, ал 2017 жылы 4 әйел қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809049-sko-da-eki-zas-bosangan-jel-bir-ajda-kz-zmdy.html