RU
Арыс тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақының қашан берілетіні белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

Арыс тұрғындарына 100 мың теңге көлеміндегі өтемақының қашан берілетіні белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарына өтемақы ретінде мемлекет есебінен 100 мың теңге қашан беріледі? Қазіргі таңда қаладағы құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр? Шаһар жөндеуден толығымен қашан өтеді? Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің Арыс қаласына жасаған кезекті жұмыс сапары кезінде белгілі болды деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Премьер-министр іс-сапарын әскери қалашықтан бастады. Онда ҚР Қарулы күштерінің бас штаб бастығының бірінші орынбасары Руслан Шпекбаев Арыс қаласының жарылғыш снарядтардан толығымен тазартылғанын, қазіргі таңда әскери қоймадағы №1 аумақта тазарту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын баяндады.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Кейін үкімет басшысы аудандық орталық аурухана ғимаратына барды. Жарылыс кезінде қатты зақымдалған медицина мекемесі толықтай күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

15 тамызға дейін аурухана толықтай іске қосылады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, әзірге медициналық жабдықтарға қаржы бөлінгенше, көршілес облыстардағы аппараттар уақытша қолданылады.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Асқар Мамин Арыстағы темір жол вокзалы, білім ұясы сынды өзге де әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғын үйлердегі жұмыстармен де танысты. Солардың бірі – жарылыс кезінде 100 млн теңгеден астам қаржыға шығынға батқан Еркөбек Мыңбаевтың үйі. Үй жаңадан бой көтеруде. Алайда ер адам жарылыс тек үйімнің емес, екі дүкенім мен үш көлігімді де өртке орады деп отыр.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Шығынды есептедім, 100 млн теңгеден астам. Үйімізді салып береді деп отыр. Бірақ басқа шығын ше? Дүкенімдегі тауарларым, үйім, бүкіл дүнием әп-сәтте  жоқ болды. Оның бәрі осы жерде тұрған. Мен оларды әскери бөлімшеге апарып қойғаным жоқ. Біздің не кінәміз бар? Қажет болса, сотқа да жүгінемін", - деді тұрғын.

Іс сапар соңында үкімет басшысы жиын өткізіп, құрылысты кешеуілдетпеуді тапсырып, 20-тамызға дейін деген уақыт берді. 

"Арысты қалпына келтіру мақсатында еліміздің барлық өңірлері, ұлттық компаниялар, ірі бизнес өкілдері белсенді түрде атсалысты... Бір ай ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды, қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы қатысты", - деді Премьер-министр.
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Одан басқа Асқар Мамин үкімет елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Арыс қаласының одан әрі даму мәселелерін бақылауда ұстайтынын атап өтті.

Жиында сөйлеген Түркістан облысының әкімі көпшілік арасында "Арыс тұрғындарына 100 мың теңге қашаннан бастап беріледі?" деген сауалға нүкте қойды.

"Тұрғындарға 100 мың теңге беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, 55 865 құжат қазір жиналып, ІІМ базасымен салыстырып расталды. Бүгінгі күнге дейін 30 778 есепшот ашылды. Ал кәмелет жасына толмаған 33 604 тұрғынға карточка ашу мақсатында Халық банкі жұмыс істеп жатыр. Өтемақы төлем карталары 5 тамыздан бастап таратылатын болады", - деді Өмірзақ Шөкеев.
Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, Арыс қаласы әкімінің айтуынша, арыстықтарға 100 мың теңге өтемақы 12 тамыз күні бәріне бірдей аударылады.

Сондай-ақ, Түркістан облысының басшысы тұрғындарға 1 пайыздық мөлшерде 5 млн теңге көлемінде несие беру жұмыстары туралы баяндап, оны ары қарай жандардыру үшін 11 млрд 800 млн теңге қажеттігін айтты.

Ол қаражатты үкімет резервінен бөліп беруін сұрады. Одан өзге Шөкеев Арыс халқының 99 пайызы қаладағы құрылыс жұмыстарына риза екенін ерекше атап өтті.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Жасалып жатқан жөндеу жұмыстарына тұрғындардың 99 пайызы дән риза. Ендігі жерде олардың тілегі жөндеу мерзімінде бітсе дейді. "Қайтып жасап бер" деп жатқандар бар арасында, олармен белсенділер арқылы жұмыстар жүргізілуде", - деді Түркістан облысының әкімі.

Жиында белгілі болғаны, Арыста зардап шеккен 7516 бір қабатты жеке үйлердің 6611-і немесе 90% жөндеуден өткізілді. Қалған 905 бір қабатты жеке үйлерді жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталады.

67 көп қабатты үйлерді және 66 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызда бітеді. Демек, Арыстағы 17 сектор жұмысы осы уақытқа дейін жалғасады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
3
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel