RU
Альварес пен промоутерлерінің арасында кикілжің туды

Альварес пен промоутерлерінің арасында кикілжің туды

Рассказать Вконтакте

Боксшы Сауль Альварес пен оның мүддесін қорғайтын Golden Boy компанияларының арасында кикілжің туды. Бұл туралы The Athletic америкалық басылымының тілшісі Лэнс Пагмайр мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Журналисттің айтуынша, "Канело" және Оскар Де Ла Хойя арасындағы келіспеушілік Геннадий Головкинмен жекпе-жекке байланысты туындаған.

Пагмайр промоутердің және DAZN стримингтік сервисінің келісім-шарты бойынша мексикалық боксшы мен GGG осы жылдың қыркүйегінде рингте кездесуге тиіс екенін айтты. Альварестің мұндай жағдайға көңілі толмады.

Сондай-ақ, DAZN Golden Boy компаниясына келесі 5 жылда 10 боксшымен жекпе-жекті трасляциялау құқығы үшін 90 млн долларды уәде еткен. Ал ол боксшылардың тізімінде "Канело" жоқ болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Альварес IBF белбеуінен айырылғаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel