RU
"Ашуыма тиді": Шырын Нарчаеваға өзін "ізбасарым" деп атаған Байзақова жақпай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ашуыма тиді": Шырын Нарчаеваға өзін "ізбасарым" деп атаған Байзақова жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Атышулы Шырын Нарчаева YouTube желісіндегі Ойбай шоу бағдарламасына сұқбат берді. Жүргізушінің сұқбатына жауап берген ару өзін Байзақованың көшімесі дегендерге жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр, Шырын Нарчаеваның фан парақшасынан алынды

Фото: Видеодан кадр, Шырын Нарчаеваның фан парақшасынан алынды

Бойжеткеннің сөзінше, ол өзін танымал Айжан Байзақованың ізбасары деп атағандарға ұзақ уақыт бойы жауап бермей, жұрттың сөзін елемеуге тырысқанын сөз етті.

"О баста ол туралы ештеңе айтқым келмеген. Үнемейін деді. "Сен Байзақованың көшірмесісің" деген пікірлерді оқығанда көңілім түсетін. Бірақ мен оған назар аудармауға тырысатынмын. Жуырда бір сұқбатты көрдім. Онда Айжанның өзі мен оның ізбасары екенімді айтты", - деді ару.

Ару өзін "ізбасарым" деп атаған Айжан Байзақоваға реніші бар екенін жасырмады. Бойжеткеннің пікірінше, атышулы блогермен оның ешқандай ұқсастығы жоқ екен.

"Бұл сөз менің ашуыма тиді. Байзақова мен менің қай жерімнен ұқсастық көрдіңдер? Мен ешқашан ота жасатқан емеспін. Не түр-әлпетімді өзгертіп, кеудемді үлкейтпедім. Бала да туған жоқпын. Тек бір суретпен хайп жасадым. Байзақова секілді боянып, суретке түсетін қыздар Қазақстанда да бар. Оларды ешкім оның көшірмесі деп атамайды", - деп шамданды ол.

Нарчаеваның айтуынша, Байзақованың сөзі оған жақпай қалған. Соңғы сұқбаттағы жас ананың пікірінен кейін ару өзін жайсыз сезінетінін де жасырмады.

"Хайп жасағанға дейін Байзақова тұлға ретінде маған ұнайтын. Бірақ бала босанғаннан кейін бәрібір болып кетті. Енді оның сөздерінен кейін өзімді жайсыз сезінемін", - деді Шырын.

Сіздің реакцияңыз
41
7
3
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel