RU
Алматыда 20 жастағы үш қарақшы жасөспірімді шабуылдады

Алматыда 20 жастағы үш қарақшы жасөспірімді шабуылдады

Рассказать Вконтакте

Алматыда үш жігіт 16 жастағы жасөспірімді өмір мен денсаулыққа қауіп төндірмейтін күш қолдану арқылы шабуыл жасаған. Бұл туралы полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

Оқиға қала орталығында болды. Медеу ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында олар жасөспірімді көріп, балаға тиесілі заттарды алып қоюды ойластырған.

"Құрбанның" қалтасында тек телефон болған. Алдын ала сөз байласу арқылы 19 және 20 жастағы үш күдікті жәбірленушіні соққыға жығып, "Самсунг Джи 4+" маркалы смартфонын тартып алған.

Кәмелетке толмаған баланың әкесінің заңды өкілі осы факті бойынша Медеу ауданының полициясына шағымданды. Жедел күштер ұрыларды іздестіруге жіберілді. Жәбірленушілерге 80 мың теңге көлемінде матералдық шығын өтелуі тиіс.

ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Үш күдіктінің жеке басы анықталды, олар Алматы қаласы ІІД-нің уақытша қамау изоляторына қамалды

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
2
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel