RU

Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап кетті (фото)

Нұр-Сұлтанда " Сенсата Парк" ТК құрылыс алаңында мұнара краны құлады. Абырой болғанда машинисі кабинасынан шығып үлгеріп, зардап шеккен жоқ деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Астаналық ТЖ департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 3 тамыз күні сағат 9:24-те болған.

Құрылыс нысаны "Sensata Construction" ЖШС-не тиесілі.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Оқиға себептері хабарланбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809108-nr-sltandagy-krylys-alaynda-mnaraly-kran-klap-ketti-foto.html