RU
"20 адам қаза тапты": Техаста қарулы ер адам бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды

"20 адам қаза тапты": Техаста қарулы ер адам бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше АҚШ-та Техас штатының Эль-Пасо қаласындағы Walmart сауда үйінде атыс орын алды. Қарулы ер адам көпшілік шоғырланатын орталықта бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған. Шабуыл нәтижесінде 20 адам қаза тапты. Бұл туралы штаттың губернаторы Грег Эббот мәлімдеді деп хабарлайдs РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күдікті. Фото: vesti.ru

Күдікті. Фото: vesti.ru

Полицияның мәліметінше, оқиғадан 26 адам зардап шекті.

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадордың айтуынша, қаза тапқандардың арасында мексикалықтар да бар.

Атыс шығарған күдікті оқиға орнында ұсталды. Ол полицияға өзі беріле салған. 20 адамның өліміне себепші болған Далластың 21 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оның бұл әрекетке баруына не себеп болғаны анықталып жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс жек көрушілік салдарынан жасалған қылмыс бабы бойынша қарастырылып жатыр.

Оған қоса, ол шабуыл жасамас бұрын Twitter парақшасында манифест жариялағаны белгілі болды. Өз үндеуінде ол жаңазеландиялық террактіге қолдау білдірген. Бұл лаңтестік жағдай кесірінен 50 адам қаза тауып, тағы 50-і ьжарақат алып қалды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel