RU
Алакөлде құбырдан аққан лас су: Видеодан кейін жағдайды комиссия тексеруде

Желідегі видеодан кейін Алакөлдегі жағдайды комиссия тексеруде

Рассказать Вконтакте

Алакөлге бассейндердің суы ағып жатқан жерге экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Алматы облысының әкімдігі мен құқыққорғау органдарының арнайы комиссиясы жіберілді деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Мамандар желіде шу тудырған құбырдың маңындағы суды зерттеп шықпақ. Құбырдағы су бактериалогиялық, саниарлы-химиялық, вирусологиялық және паразитологиялық анализден өтетін болады.

Су ағызғыш құбырды көлге орнатқан "Көктем гранд резорт" ЖШС қатысты тиісті шаралар тек тексерістерден кейін ғана қолданылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергенннің Алакөлден видео жүктеп, көлге лас су ағызғандарды сынға алғанын жазған болатынбыз. Бұл жайт көпшіліктің ашуына тиген.

Экология, геология және табиғи ресурнстар министрі Мағзүм Мырзағалиев оқиғаға қатысты пікір білдіріп, бұл оқиға орынсыз екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel