RU
Ақтөбелік тұрғын Қыдыр атаға барып, құраннан безген ата-анасы үшін көмек сұрайды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік тұрғын Қыдыр атаға барып, құраннан безген ата-анасы үшін көмек сұрайды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбелік тұрғын емші жағалап жүріп, несиеге кіріп кеткен ата-анасының жағдайын баяндады. Айтуынша, қариялар Қыдыр ата есімімен танымал адамға барғаннан кейін үйге Құран кітабын тұрғызбайтын болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: fazarosta.com

Көрнекі сурет: fazarosta.com

"Емші аталып жүрген Қыдыр ата туралы жазғым келеді. Пайғамбардан кем емес. Айтайын дегенім, 5-6 жыл бұрын оның «дәрістерін» менің анам барып тыңдап жүрді. Кейін қасына әкемді қосып алды. Ата-анам зейнеткер, ал әкем ол кезде жұмыс жасайтын. Соңғы кезде оларда қаржылық қиындықтар бола бастады. Сөйтсек, несиеге ұрынған.
Әкемнің сұлбасы өте сымбатты ер адам болатын. Қазір мүлдем қартайып кетті. Отбасында болып жатқан кез-келген қуанышты "бұл бізге Қыдыр ананың бергені" деп қабылдайды. Өмірге келген баланы да «Қыдыр атаның сыйы» деп отырады. Ең қорқыныштысы ата-анам үйден Құран кітапты алып тастауды және онымен байланысты заттардың үйде болмауын талап ететін болды. Олармен қалай сөйлесерімізді білмейміз. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда кімнен көмек сұрауға болады? », -деген zello.aktobe парақшасына шыққан жазбада.

Жазбаны қызу талқылаған желі тұтынушыларының пікірі екіге бөлінді.

"Құранды ал деу Аллаға деген сенімді жоғалту. Ол -ауыр күнә", "полицияға шағым түсіріңіз",  "Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың",  дегендер мен "ата түрлі ауруларды емдеп, жол ашады", "атаға тіл тигізбеңіз, ол кісінің арқасында барлық тілектерім қабыл болды" деушілер жарыса пікір жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
5
6
2
9
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel