Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда көпбалалы ана 13 тұрғынды алдап кетті

Опубликовано:

Атырауда Махамбет ауданының Алға ауылында тұратын 45 жастағы көпбалалы ана сот алдына келді. Келіншек "ҚазМұнайГазға" жұмысқа орналастырып беремін деп 13 адамды алдап кеткен деп жазады «Ақ Жайыққа» сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: thefoundrycommunity.com
Көрнекі сурет: thefoundrycommunity.com: UGC

Тергеу мәліметінше, алты баланың анасы Атырау тұрғындарын "ҚазМұнайГазға" жұмысқа орналастырып бермек болған. Өз қызметі үшін ол әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Бастапқыда аванс ретінде 30 мың, артынан "құрбандары" вахтадан оралған соң тағы 20 мың теңге алған.

Қажетті сомманы қалтасына басқан соң, келіншек жоқ болып кетіп отырған.

Анықталғандай, көпбалалы әйел бұған дейін дәл осындай қылмысы үшін екі жылға шартты түрде сотталған болып шықты.

Алаяқтық әрекеттері үшін енді ол үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім шығарар алдында оның кәмелетке толмаған балаларының саны мен зардап шеккендерге ақша қайтарып беру міндеті ескерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809158-atyrauda-kpbalaly-ana-13-trgyndy-aldap-ketti/

pixel