RU
Найзағай мен жаңбыр: Алматыда қатты дауыл соқты (фото,видео)

Найзағай мен жаңбыр: Алматыда қатты дауыл соқты

Рассказать Вконтакте

Бүгін неше күн бойы аптап ыстық болған Алматының ауа райы күрт бұзылып кетті. Оңтүстік астананың аспаны бұлттанып, жаңбыр жауып, күтпеген жерден қатты дауыл соқты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Екінші мегаполисте бірнеше апта қатарынан аптап ыстық орын алды. Қала тұрғындары жауын-шашын болғанын аса қатты күтіп жүрді. Нәтижесінде, бүгін Алматының ауа райы күрт бұзылып, көпшілік аңсаған жаңбыр жауды.

Қалада қатты жел соғып, найзағай орын алды. Табиғат құбылыстарына шаһардағы сигнализациялар төтеп бере алмай, бірінен кейін бірі қосылып жатты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel