RU
Әйгілі Бейонсе өзіне шіркеу сатып алды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі Бейонсе өзіне шіркеу сатып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемдік жұлдыздардың көбісі миға қонымсыз әрі ессіз әрекет жасауға жақын. Бред Питт өзіне кеңес одағының танкісін сатып алса, Николас Кейдж құны бір миллион болатын комикстер жинағына қол жеткізді. Енді олардың қатарына әйгілі әнші Бейонсе де қосылды. Тәтті дауысты ару өзіне жеке шіркеу сатып алған деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru Коллаж: NUR.KZ

Фото: bigpicture.ru Коллаж: NUR.KZ

Jay Z (шын есімі Шон Картер) жары Жаңа Орленандағы шіркеуді сатып алған. Ол арнайы сіңлісі Соланждің үйіне жақын құдай үйін таңдаған. Жүз жыл бұрын салынған ғимараттың ауданы 700 шаршы метрді құрайды.

Әнші шіркеуді 850 мың долларға сатып алған.

Бұл шіркеу біраз уақыт бойы өзінің негізгі қызметін атқармай келді. Храмдағы бірінші шара бірнеше апта бұрын ғана өтті. Оған 900-ден астам адам жиылды. Бейонсенің шіркеуіне келушілер қатары енді бұдан да арта түсері айдан анық.

Желі қолданушылары шіркеуде шырқалатын литургияларды өзі орындайды деген үміт білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы әзірге өзінің шіркеу сатып алғанына қатысты пікір білдірген жоқ.

Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel