RU
Мбаппе командамен суретке түсу кезінде Неймарды қуып жіберді (видео)

Мбаппе командамен суретке түсу кезінде Неймарды қуып жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе әріптесі Неймарға қатысты дөрекі қылық танытты. Оқиға Франция Суперкубогын ұтып алғаннан кейін орын алған деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Ренн" командасын жеңіп, кезекті жүлдеге ие болған париждік клуб командалық сурет жасамақ болады. Алайда, бұл сәтте Мбаппе кенеттен Неймарды итеріп, оған суретке түсуге мүмкіндік бермей қойған.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі Киллиан Неймарға ренжулі деп тапса, енді бірі футболшылар бір-бірімен солай әзілдеседі деп жазуда.

Алайда, Мбаппе қалжындап істесе де, Неймарға ол әзілі ұнамай қалған көрінеді. Оқиғадан соң, бразилиялық жұлдыздың көңіл күйі жоқ екенін аңғаруға болады.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel