RU

Instagram бірнеше елде істен шықты

Instagram желісінің жұмысында ақау анықталды. Бірнеше елдің желі қолданушылары оның дұрыс жұмыс істемей тұрғанына шағымданып, дабыл қақты деп жазады Polit.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: UGC

Қосымшаның істен шыққаны туралы ақпараттар легі елорда уақытымен сағат таңғы 08:00-де келе бастаған. АҚШ, Бразияляи, Мексика, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланд, Жапония және тағы да басқа мемлекет азаматтары әлеуметтік желідегі проблеманы хабарлаған.

Желі қолданушылары лентаны жаңартып, сурет жүктеп және сториз жариялай алмай қалғандарын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809183-instagram-birnese-elde-isten-sykty.html