RU
Зеленскийдің айына қанша жалақы алатыны белгілі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Зеленскийдің айына қанша жалақы алатыны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Владимир Зеленскийдің қанша жалақы алатыны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік істер басқармасының Громадскийдің сауалына берген жауабында айтылған деп хабаралайды hromadske.ua сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.liga.net

Фото: news.liga.net

Басылымның мәліметінше, Зеленский де бұрынғы ел басшысы Петр Порошенко сияқты жалақы алатын болып шықты. Оның жалпы құны салық алынғанға дейін айына 28 мың гривенді құрайды ($1,1 мың).

Осылайша, маусым айында Зеленскийге лауазымдық жалақы мөлшерінде 28 мың гривен есептелді ($1,1 мың), оның ішінде салықтар мен алымдар жалпы сомасы 5460 гривенді ($214,98) құрады.

"Украина президентіне жалақының басқа да құрамдары (үстемеақылар, сыйлықақылар және т.б.) қарастырылмаған", — делінген МІБ жауабында.

Айта кетейік, бұрынғы президент Петр Порошенко дәл осындай жалақы алған еді. Оның 2018 жылғы декларациясында 336 мың гривендегі жалақы табысы көрсетілген, яғни президент айына 28 мың гривен алып тұрған.

Бұған дейін Зеленский Одесса теңіз портының шенеуніктерімен қарым-қатынас кезінде оның жалақысы 22 мың гривен екенін мәлімдеді. Әлбетте, ол салықты алып тастағандағы санды атады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
7
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel