Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тальгода" зәбір көрген ару қазақстандықтарға үндеу жолдады

Опубликовано:

"Тұлпар-Тальго" пойызындағы зорлықты бастан кешірген ақтөбелік ару қазақстандықтарға үндеу жолдады. Оның сөздері Facebook-тегі "НеМолчи.kz" қорының парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бойжеткен қолдау көрсеткені үшін баршаға алғыс білдірді. Ол көптеген пікірлерді оқып, адамдардың оған немқұрайлы қарамағанының арқасында қылмыс жаппай дау тудырғанын түсінгенін атап өтті.

"Мен біздің елімізде бірде бір әйел адам мен бала зорлық-зомбылық көремесе екен деймін. Олар өздерін қорғауға алынғандай сезініп, мұндай жағдайда өздерінің кәсіби түрде қорғалатынын білуі керек", - деп өз тілегін айтты бойжеткен.

Зардап шегушінің айтуынша, әлі күнге дейін үлкен жеке қайғы-қасіретті бастан кешіп жүр.

"Мен көп жылдар бойы жеке қауіпсіз әлемімді құрдым, көп оқыдым, көп жұмыс істедім, әртүрлі елдерде болып, әртүрлі мәдениетті көрдім және әрқашан отаныма оралатынмын.
Мен өз үйімде, өз елімнің қорғауында боламын деп сендім. Бірақ арамыздағы кез келген адам кез келген уақытта, кез келген жерде осындай жағдайлардың құрбаны бола алады екен. Мен сол түннен қорқынышты ештеңе болуы мүмкін емес деп ойладым, сол сәтте менің бүкіл әлемімнің күл-талқаны шықты", - дейді ару.

Алайда, ақтөбелік бойжеткеннің сөзінше, оның қайғысы мұнымен біткен жоқ.

"Содан кейін мен тергеу және сот кезінде өтетін қорқынышты сынақтарға тап болдым. Маған көрсетілген моральдық зорлық пен кемсітуді қайта зорлаумен салыстыруға болады. Зорлық-зомбылық құрбандары қорғалмайды екен және тергеу барысында одан бетер осал бола түседі екен.
Мен күдіктілердің "қолдау тобы" тарапынан да, тергеу және сот тарапынан да қысым көрдім. Мен ең қорқынышты дүниенің артта қалғанына қуаныштымын және мұны ешқайсысыларыңыздың бастарыңызға бермесін деп тілеймін", - деп үміт білдірді жәбірленуші.

Осыған байланысты ол билік өкілдерінен зорлаушылардың жазасын күшейтуді және полицейлерге арналған бірыңғай іс-қимыл алгоритмін жасауды өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде "Тұлпар-Тальго" жүрдек пойызында жантүршігерлік жағдай орын алған болатын.

Ақтөбелік тұрғын Нұр-Сұлтандағы іс-сапарынан үйіне қайтып бара жатқан жолда жолсеріктердің зорлық әрекеттерінің құрбаны болды.

Таяуда ғана бұл іске қатысты екі айыпталушыға сот үкімі шығып, олардың әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алайда соттың шешімі қоғамда үлкен резонас тудырып, жұрт сотталушыларға кесілген үкіммен келіспейтіндіктерін жеткізген. Олардың арасында белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт те бар.

Кейін бұл іске бас көлік прокуратурасы назар аударып, сотқа қайта апелляциялық өтініш хат жолданды.

Айта кетейік, қоғамда шу тудырған оқиға үшін ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовөз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809216-talgoda-zbir-krgen-aru-kazakstandyktarga-ndeu-zoldady/

pixel