RU
Гурбангулы Бердымұхамедов демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсетті (видео)

Гурбангулы Бердымұхамедов демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Түркіменстандық телевизияда президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың кезекті демалысын қалай өткізіп жатқанын көрсететін сюжет жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Түркіменстандық көшбасшының демалысынан кадрлар жексенбі, 4 тамыз күні көрсетілген.

Бейнежазбаға қарағанда мемлекет басшысы бос уақытын белсенді өткізіп, демалысын шығармашылыққа арнаған.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Мәселен, таңертең Гурбангулы Бердымұхамедов велосипед теуіп, кейіннен жылқы шаруашылығы кешеніне барып қайтқан. Ол жерде президент Шаполат атты ақалтекеге мінді.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Сонымен қатар мемлекет басшысы ашхабатдық Олимпиадалық қалашыққа келіп, Түркіменстанның күш құрылымдарының басшыларымен жатыққан.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Сондай-ақ, ол музыкалық аспапта ойнап, өзінің жеке композицияларын шығарды.

Бердымұхамедовтың алабайлар туралы кітабын жазып бітіргені туралы атап өтілді.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Түн ортасында мемлекет басшысы көршілес елдерде "Тозақ қақпасы" деп, ал Түркіменстанда "Қарақұм жарқылдары" деп аталатын Қарақұм газ кратеріне спорткарға барды.

Кадр: Watan Habarlary

Кадр: Watan Habarlary

Естеріңізге сала кетейік, 21 маусым күні БАҚ-та Түркіменстан президентінің жүрек талмасынан көз жұмғаны туралы алып-қашпа әңгімелер пайда болған еді. Алайда осыдан кейін ресми билік аталған ақпаратты жоққа шығарды.

24 шілде күні Бердымүхамедовтың өлімі туралы хабардан кейін оны жергілікті телеарналардың бірінен көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel