Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал модель өзінен 17 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Әлемге танымал модель Хайди Клум өзінен 17 жас кіші музыкант Том Каулитцпен отбасын құрды. Ғашықтардың үйлену тойы үшінші тамыз күні Италиядағы Кипр аралында өткен деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хайди Клум мен Том Каулитц Италияға бірінші тамыз күні келген.

Екісі күні қалындық пен күйежігіт ет-жақындарының арасында той алдындағы кешті өткізген. Ол жабық күйде өткендіктен шара кезіндегі суреттер желіде жарияланбады.

Негізгі дүбірлі тойды ғашықтар үшінші тамызға белгілеген. Олар некелесу салтанатын бұған дейін Аристотель Онассис пен Джеки Кеннедиге тиесілі болған алып яхтада өткізді.

Ақ түсті гүлдермен безендірілген кеме нағыз ертегідегідей болып көрінді.

Айта кетейік, Хайдим Клум сүйіктісі Том Каулитцтен 17 жас үлкен. Танымал модельдің бірінші некесінен төрт баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809237-tanymal-model-zinen-17-zas-kisi-zigitke-trmyska-sykty/

pixel