RU
Сирияның бірінші ханымы қатерлі ісікті жеңіп шықты (фото)

Сирияның бірінші ханымы қатерлі ісікті жеңіп шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Сирия президенті Башар Асадтың әйелі Асма Асад қатерлі ісіктен айықты. Сирияның бірінші ханымы бұл дертпен бір жыл бойы күрескен. Бұл ақпаратты президенттік сарайдың баспасөз қызметі хабарлады деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: rusvesna.su, newizv.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: rusvesna.su, newizv.ru. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Сирия басшылығы мен президенттік кеңсе қызметкерлері Асма Асад ханымды бір жыл бойы күресіп келген қатерлі ісікті жеңіп шығуымен шын жүректен құттықтайды" , - деп жазды Telegram-ға баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Сирияның бірінші ханымы онкологиялық дертпен күресу жолында өзіне қолдау білдірген әрбір сириялық азаматқа алғысын айтты.

Сонымен қатар ол еліне ынтымақ пен өркендеуді тілеген.

Айта кетейік, 2018 жылдың тамызында Асма Асадтың қатерлі іскке шалдыққаны белгілі болды. Қаңтардың соңында дәрігерлер сәтті ота жасап, ісікті жойған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel