Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"11 жыл біргеміз": Әділ Ахметов алғаш рет жұбайын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актер Әділ Ахметов алғаш рет әйелін көрсетті. Өнер иесі жан жарымен отасқанына 11 жыл болғанын айтып, үйлену тойы кезіндегі суреттермен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әдетте, жеке өмірін барынша жасырын ұстайтын актер қалың көпшілікке сүйікті жұбайын таныстырды. Әділ Ахметов отбасын құрғанына 11 жыл толуына орай келіншегін көрсетуді жөн санаған.

Ол Instagram парақшасына бұрын-соңды еш жерде шықпаған той суреттерін жариялаған.

Анықталғандай, өнер иесі 2008 жылдың 27 шілдесінде шаңырақ көтерген.

"Жақсы әйел ерді төрге сүйрейді" - деп бабаларымыз айтқандай, мені төрге шығарып жүрген жан-жарыммен 11 жыл біргеміз, Аллаға шүкір. Ұзағынан болғай 27.07.2008" , - деп жазды актер.

Әншінің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары аң-таң болып қалғанын жасырмады. Себебіолардың көбісі актерді әлі де бойдақ деп ойлап жүргенін жазды.

"Мен сізді әлі де бойдақ деп жүрсем. Әдемі келіншегіңіз бар екен ғой. Бақытты болыңыз", " Мен бойдақ екен деп жүрсем" , "Мен Әділ ағаны бойдақ деп жүрмін ғой", "Жарасымды жұп, бастарыңыздан бақ таймасын" , "Сіз үйленген деп ойламаппын" ,
"Мамандығыңызға түсіністікпен қарап, отбасыңыздың берекесін арттырып отырған жарыңызға шүкір", "Жаңалық деп осыны айт. Мен осы күнге дейін бойдақ деп жүрген актер 11 жыл бұрын отау құрған" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809249-11-zyl-birgemiz-dil-ahmetov-algas-ret-zbajyn-krsetti-foto/

pixel