RU
Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты

Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы "Нұрата-Жизақ-Фариш" автожолының 136-шақырымында болған.

"Нексия" автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, "Исузу" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге жеті адам отырған. Оның екеуі бала", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының үш азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр.

"ҚР-дың тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ, жағдайлары ауыр", - деді ведомстводан.

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде.

Сонымен қатар министрлік көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген жандар екенін, және олардың бәрі бір-біріне туыс екенін атап өтті.

Ведомство осыған байланысты, туған-туыстары марқұмдарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отырғанын да жеткізді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel