RU
"Манчестер сити" Англия суперкубогының иегері атанды

"Манчестер сити" Англия суперкубогының иегері атанды

Рассказать Вконтакте

Англия суперкубогы сарапқа салынған ойында "Манчестер сити" клубы "Ливерпульмен" кездесті. Тартысты өткен матчтың негізгі уақытында екі команда тең түсіп, жеңімпазды пенальти сериясы арқылы анықтады деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бірінші таймның басында "Манчестер Сити" ойыншысы Лерой Сане жарақат алып, алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.

Осыдан кейін қалалықтар есеп ашты. Рахим Стерлинг "Ливерпуль" қақпашысынан айласын асырып кетті.

Юрген Клоптың шәкірттері таразы басын екінші таймның 79 минутында теңестіріп кетті. Голдың авторы Жоэль Матип.

Тартысты өткен ойынның негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясы арқылы анықталды.

11 метрлік айып добын "Манчестер сити" ойыншылары сәтті орындап, 5:4 есебімен басым түсті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel