RU
Алакөлдегі аралға катермен аттанған 10 адам сонда қалып қойды (фото)

Алакөлдегі аралға катермен аттанған 10 адам сонда қалып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алакөлде болған дауыл салдарынан 10 адам Аралтөбе аралында түнеуге мәжбүр болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 шілде күні түнде 10 адамнан тұратын топ (оның ішінде балалар да бар) Алакөл жағалауынан 18 шақырымда орналасқан Аралтөбе аралына катермен аттанған.

Біраз уақыттан кейін дауыл басталған. Үлкен толқындардан қорқып, кері қайтуға тәуекел жасамған демалушылар кешкі сағат 22:00 шамасында құтқарушыларға хабарласқан.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

"Бұл кезде дауыл әлі басылған жоқ еді, көлге шығу қауіпті болды. Дегенмен жел тоқтағаннан кейін біз аталған бағыт бойынша жолға шықтық. Таңғы сағат беске қарай аралдағы адамдарды таптық. Оларға медициналық көмек қажет болмады", - деді облыс құтқарушыларының жедел құтқару жасағы алтыншы бөлімінің басшысы Нұржан Бажақов.  

Ведомство демалушыларды екі қайықпен Алакөл жағалауына жеткізгенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel