RU
Нұр-Сұлтанда кей көңіл көтеру орындарында 23:00-ден кейін алкогольге тыйым салу ұсынылды

Нұр-Сұлтанда кей көңіл көтеру орындарында 23:00-ден кейін алкогольге тыйым салу ұсынылды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан полициясы елорданың барлық ойын-сауық мекемелерін жіті бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді. Тәртіп сақшылары әлі 23:00-ден кейін мекемелерде алкогольге тыйым салу керек деген пікірде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Статистикаға сүйенсек, демалыс орнынан түнгі 12-ден кейін мас күйде шыққан адамдар көбінесе қылмыс жасайды немесе қылмыстың құрбанына айналады.

Полицейлер түнгі уақытта алкогольге тыйым салу бастамасы әлі де көтеріліп жүргенін айтты. Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 200-ден астам полиция шақыртуы түскен мекемелер екен.

"Біз түгелдей тыйым салу керек деп отырған жоқпыз. Бірақ кәмелет жасына толмағандарға тыйым салынбайтын, бейнебақылау жүйесі жоқ, дабыл қаққыш тетігі орнатылмаған, білікті күзетшілері жоқ, қылмыс көп жасалатын көңіл көтеру орындарымен бөлек жұмыс жүргізіледі деп ойлаймын", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті полиция басқармасының басшысы Госман Жакин.

Тәртіп сақшысы мекемелерді нақты атаған жоқ.

"Мен жарнама немесе антижарнама жасай алмаймын", - деді ол.

Дегенмен Жакин қажет болған жағдайда полиция кез келген мекемеге баруға дайын екенін айтты.

"Барлық көңіл көтеру орындары біздің назарымызда. Кез келген ойын-сауық мекемесіне келіп, мән-жайды анықтап, азаматтарымызға көмектесуге дайынбыз" , - деді Госман Жакин.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel