Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Мирзиев облыс әкімдерін сынға алды

Опубликовано:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жылжымайтын мүлік нысандарын жаппай бұзу әрекетіне байланысты Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиевті сынға алды деп хабарлайды "Газета.uz" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Фото: review.uz
Фото: review.uz: UGC

Өзбекстан басшысы 2 тамызда өткен шағын бизнес және кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ республика бойынша жылжымайтын мүлік нысандарын бұзуға арналған видеоселекторлық жиналыста әкімдерге өткір сын айтты.

Бұдан бұрын "Газета.uz" басылымы жаппай қайта құру жұмыстарының аясында бүкіл әлемге өзінің керамикасымен танылған Риштан қаласында үйлер бұзылып, ағаштар қырқылғанын жазды. Елдің Еңбек министрлігі аталған жұмыстарға түрлі ұйым қызметкерлерінің жұмылдырылуын заңсыз деп таныған болатын.

Шавкат Мирзиеевтің айтуынша, тұрғындардың көбісі әкімдердің бұл әрекеті президент тапсырмасы бойынша жүргізіліп отыр деп есептейді, мемлекет басшысының саясаты деп қабылдайды. Ол облыс басшылары Зафар Рузиев пен Шухрат Ганиевтің біліктілігіне күмән келтіретінін мәлімдеді.

"Интернетте халық: "Президент нысандарды бұзуға, адамдардың наразылығын тудыруға тапсырма берді", деп жазып жатыр. Мен саған қанша рет айттым, арсыз, Риштан қаласына қанша ақша бөлдім!? Қаланы жаңарт, бірақ халықтың қажеттілігін ескер дедім, Ганиев мырза. Рузиев екеуің сатқынсыңдар.
Сендермен бірге ауқымды жұмыстарды атқаруға бола ма? Ешқашан. Сендерге бірдеңе тапсыруға қорқасың. Себебі, шамаларың келмейді, білімдерің жоқ. Кітаптың бетін ашпайсыңдар, президент қаулысын оқымайсыңдар", – деді Өзбекстан басшысы.

Шавкат Мирзиеев премьер-министр Абдулла Ариповқа бір апта ішінде төрт сектордың жұмысына қатысты жаңа президент қаулысын дайындауға тапсырма бергенін мәлімдеді.

"Төрт сектор жұмыс істемей тұр. Екіншіден, жауапкершілік жоқ. Үшіншіден, мен басынан бастап халықтың қажеттілігін қанағаттандыру керек екенін айтып келемін. Ал сендердің жұмыстарың тек наразылық тудыруда", – деді Өзбекстан басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1809314-savkat-mirzieev-oblys-kimderin-synga-aldy/

pixel