RU
Жаманқұлов Тоқаевпен не туралы әңгімелескенін айтып берді

Жаманқұлов Тоқаевпен не туралы әңгімелескенін айтып берді

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа театр қызметкерлерінің жалақысы туралы айтылды. Оны естіген мемлекет басшысы "өзін жайсыз сезінді" деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы, Әуезов атындағы драма театрының актері Тұңғышбай Жаманқұлов басылым тілшісіне өзінің Қасым-Жомарт Тоқаевпен жақында өткен кездесуі туралы айтып берді.

Жаманқұловтың айтуынша, мемлекет басшысы оны өте жылы қабылдап, мұқият тыңдаған.

Ол Тоқаевқа мемлекеттегі театрлардың жағдайы туралы, қазіргі уақытта шығармашылық адамдардың қалай өмір сүретіндігі және олардың әлеуметтік жағдайы жайлы мәлімдеді.

"Мен барлығы да керемет" деп өтірік айтпадым, театрларымыздың өмірі туралы шынайы және қысқаша мәлімет бердім ... Театр қызметкерлерін ешнәрсе ынталантырмайды, олардың арқасынан ешкім демемейді. Жалақылары өте аз", - деді Жаманқұлов.

Оның сөзінше, президент бұған "таңғалып қалған".

"Мен театр қызметкерлерінің жалақысы туралы айтқан кезде ол көңілі толмайтындығын білдіріп, басын шайқады, тіпті аздап шошып кетті. Ол естігендерінен өзін жайсыз сезінді. Білесіз бе, біздің кейбір ұлттық театрларда жалақы 35-40 мың теңге деңгейінде, ал жас мамандар айына 20 мыңға жұмыс істеуге мәжбүр", - деп Жаманқұлов театр қызметкерлерінің жалақысы туралы айтты.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы мәдениет министрлігіне тиісті тапсырмалар беруге уәде берді.

Сонымен қатар, Тоқаев осы саланы дамытуға көп көңіл бөлетінін және үнемі қолдау көрсететінін жеткізген.

Еске сала кетсек, 31 шілдеде мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel