RU

Қарағандыда қарызға батқан құмар ойыншы ломбардты тонап кетті

Қарағандыда ер адам балалардың пласмассалық ойыншық тапаншасымен ломбардқа қарақшылық шабуыл жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: UGC

Ер адам ойынқұмар болған, тіпті медициналық диагнозы да бар. Ол өзінің ондаған таныстарына қарыз болыпты.

Құмар ойыншы қылмыстық жолмен тез ақша табуды көздейді. Сөйтіп, ешқандай клиент жоқ кезде ломбардқа кірген. Тапаншасын шығарып, кассир-бағалаушыдан кассадағы ақшаны шығаруын талап етеді. Кассир болса 700 000 теңгені қылмыскерге береді.

Ақшаны алған ол, қылмыс орнынан ізін суытады.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді тез анықтап, ұстаған. Сот оны кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1809329-karagandyda-karyzga-batkan-kmar-ojynsy-lombardty-tonap-ketti.html