Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдан шыққан автобус Өзбекстанда аударылып, бір адам мерт болды

Опубликовано:

Алматыдан Нүкүс қаласына бағыт алған жолаушылар автобусы Өзбекстан аумағында аударылып, бір адам қаза болды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Facebook

Жол-көлік оқиғасы Өзбекстанның оңтүстік-батысындағы Бұхара облысында орын алды. Оқиға салдарынан бір жолаушы қаза болып, 10 адам түрлі жарақат алған.

Өзбекстан ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 4 тамыз күні сағат 18.30-да болған.

Қазақстандық "Юг Транс Лайн" компаниясының Van Hool жолаушылар автобусы Алматы – Нүкүс бағытында жолға шыққан. Жүргізуші белгісіз себептермен көлікті игере алмай, автобус Бұхара облысы Джандар ауданының аумағында аударылып кеткен.

Оқиға орнына медиктермен қатар, тағы бір автобус келіп жетті. Зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілді. Жолаушылар екінші автобусқа отырып сапарларын жалғастырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда болған тағы бір жол апаты жайында хабарлаған болатынбыз. "Нексия" автокөлігі мен жүк көлігінің соқтығысынан үш қазақстандық мерт болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1809343-almatydan-sykkan-avtobus-zbekstanda-audarylyp-bir-adam-mert-boldy/

pixel