RU
Шымкент базарларының бірінен өрт шықты (фото)

Шымкент базарларының бірінен өрт шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында 5-тамыз күні ТЖД "101" нөміріне "Алтын Орда" базарында сауда дүкенінен өрт шыққаны туралы қоңырау түскен. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 13:55-те барып, өртті 14:20-да сөндірді.

Аяқ киім дүкенінен шыққан жалын 72 шаршы метр аумақты шарпыған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласының ТЖД-нен 40 адам мен 7 техника, сонымен қатар, жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен Апаттық медицина орталығының бригадасы жұмылдырылған.

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Фото: ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel