RU
Шоумен Әлібек Хасенов Air Astana бортындағы жанжалға себепкер болды

Шоумен Әлібек Хасенов Air Astana бортындағы жанжалға себепкер болды

Рассказать Вконтакте

Танымал жайдарманшы Әлібек Хасенов Air Astana әуекомпаниясы ұшағының ботында келеңсіз оқиғаға тап болды. Ер азамат 19 жастағы жолаушымен сөзге келіп қалды деп жазады Время газетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Алибек Хасенов/facebook.com. Көрнекі фото: pexels.com

Фото: Алибек Хасенов/facebook.com. Көрнекі фото: pexels.com

30 шілдеге қараған түні Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Ақтөбеден Нұр Сұлтанға ұшқан.

Сол уақытта белгілі шоумен ұшақтың бортында жас қызбен сөзге келіп қалды.

Қыздың анасы Гүлбану Балмағамбетова сол түні қызы қоңырау шалып, қасында отырған адамға шағымданғанын жеткізді.

Ол ер азаматтың ішіп алуы мүмкін екенін жасырмады.

Әйел адамның сөзінше, шоуменнің қызын терезе жақтағы орынына ұзақ уақыт жібермей қойғанын, одан бөлек орындықта дұрыс отырмағанын естіген.

Гүлбану Балмағамбетова Әлібек Хасеновтің кейінірек басқа орынға ауыстырғанын растады.

Ұшақ қонған соң, жолаушы қыз шоуменнен қауіптеніп ата-анасына хабарласып, күтіп алуын сұрағаны белгілі болды.

"Біз қызымызды күтіп алу үшін әуежайға келдік. Онымен сөйлесіп болған соң, әдепсіз жолаушының үстінен полицияға арыз жазамыз деп шештік", - деді Гүлбану Балмағамбетова.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті аталған оқиғаның болғанын жеткізді.

Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті.

Осы оқиға байланысты белгілі шоумен Әлібек Хасенов те пікір білдірді.

Оның сөзінше, жанжалды бастаған қыздың өзі болып табылады.

Ер адам көршісінен бірнеше рет иллюминатор пердесін ашуды өтінгенін айтты.

Одан бөлек шоумен ішімдікті аузына алмағанын атап өтті. Хасенов бұны медициналық анықтаман көрсеткенін де жеткізді.

Жайдарманшының айтуынша, оқиға тәртіп сақшылары оған ескерту жазумен аяқталған. Ер азамат айыптаулармен келіспейтінін білдірді.

Бұл ақпаратты көшіру және пайдалану "Время баспасы" ЖШС рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel