RU
"Танк снарядтары атылды": Ресейдегі әскери қоймада жарылыс болып жатыр (видео)

"Танк снарядтары атылды": Ресейдегі әскери қоймада жарылыс болып жатыр (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейде Арыс трагедиясына ұқсас төтенше жағдай орын алды. Красноярск облысының Ачинский ауданында әскери бөлімдердің бірінің аумағында оқ-дәрілер жарылды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: dela.ru

Фото: dela.ru

Қазіргі уақытта жарылыстар болып жатқан алаңға жақын елдімекендерде тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Бізге берілген ақпарат бойынша, танк снарядтары жарылған. Бөліктер барлық бағытта шашырауда. Әскерлер гарнизоннан шығарылды. Жақын маңдағы аймақтардан адамдар эвакуациялануда", - деп хабарлады LIFE SHOT Тelegram-арнасында.

Оқиға туралы ақпаратты Baza Telegram-арнасы да жариялап, Красноярск аймағында оқ-дәрілері бар әскери қоймалар өртеніп, жарылып жатқаны туралы жазған.

"Жергілікті билік Ачинск ауданындағы ауылдарды эвакуациялауды бастады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, қоймада миналар мен зениттік патрондар сақталған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Baza Telegram-арнасы зардап шеккен бір адам туралы мәлімет бар екенін айтты. Ол - жергілікті тұрғын, оған жарылыстан шашыраған бөліктер тигенекен.

Ал, LIFE SHOT Telegram-арнасының хабарлауынша, Красноярск маңындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін жеті адам дәрігерге жүгінген.

"Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға бомбадан қорғану үшін жасалған жерге немесе жертөлелерге жасырынуды бұйырды. Сонымен қатар, 20 км радиустағы барлық елді мекендерден тұрғындарды толық эвакуациялау жүріп жатыр. Қазір снарядтар сақталған екі қойма жанып жатыр", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз
0
3
15
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel