RU
Ресейдегі жарылыс: Үрейі ұшқан адамдар қаладан кетіп жатыр

Ресейдегі жарылыс: Үрейі ұшқан адамдар қаладан кетіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Әскери бөлімнің маңында орналасқан елді мекеннің жанында кептеліс пайда болды. Адамдар снарядтар сынықтарынан қорғану үшін Краснояр өлкесінің Ачинск елді мекенін тастап кетіп жатыр деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Краснояр өлкесінде жарылыстар толастамауда. Адамдар өздері зардап шегуі мүмкін елді мекеннен алыс жерге кетуге асығуда.

Кезек Ачинскіден шыға беріс жерде де, автомобильдік жанармай беттерінде де пайда болды.

Бұдан басқа, жарылыс басталғаннан кейін үш елді мекеннен және балалар лагерінен мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілетіндігі белгілі болды.

Сондай-ақ, билік Ачинск тұрғындарына ешқандай қауіп төндірмейтіні атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әскери бөлім аумағында жарылыс болғаны анықталды. Сондай-ақ танктік снарядтардың да жарылып жатқаны белгілі болды.

Оқ-дәрілердің сынықтарынан 7 адам зардап шекті.

Осыған ұқсас жағдай 24 маусым күні таңертең Қазақстан аумағында да орын алған. Жарылыс Түркістан облысында Арыс қаласында болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel